17 қарашада күндіз Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батыс бөлігінде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.
Өскемен қ.: 17 қарашада күндіз бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Семей қ.: 17 қарашада күндіз бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
18 қарашада Шығыс Қазақстан облысында қар, түнде облыстың солтүстігінде қатты қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. 19 қарашада ауа температурасының түнде 17-22, солтүстік-шығыста 25, күндіз 13-18, солтүстік-шығыста 22 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.