13 қарашада түнде Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында, күндіз солтүстік бөлігінде және оңтүстігінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с.