«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша, 18 тамызда Үржар ауданында өрттің төтенше жоғары дәрежесі күтіледі.
ШҚО ТЖД азаматтарға өте мұқият болуды ұсынады.
Егер нақты жерде ерекше өртке қарсы режим енгізілсе, оны жойғанға дейін орманға баруға қатаң тыйым салынады.
Егер сіз өртті байқасаңыз, дереу «101» нөміріне қоңырау шалыңыз. Дауылды ескертулер туралы ақпаратты «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктеу арқылы ала аласыз.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі