18 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, Жарма ауданында екпіні 25 м/с.
Өскемен қ.: 18 ақпанда оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Семей қ.: 18 ақпанда оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні күндіз 15-18 м/с күтіледі.