«Қазгидромет» ШҚ филиалының деректері бойынша 20 қазанда күндіз облыстың шығысында, таулы аудандарында жауын-шашын - жаңбыр, қар күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Өскемен қ. оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 25 м/с күтіледі.