"Қазгидромет" ШҚ филиалының деректері бойынша 17 қазанда түнде облыстың солтүстігінде, шығысында қар, көктайғақ күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын - жаңбыр, қар, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.