«Қазгидромет» ШҚ филиалының деректері бойынша 15 қазанда түнде Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын - жаңбыр, қар күтіледі. Облыстың шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с. Өскемен қ. жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.