"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша 06 қазанда түнде облыстың шығысында, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскемен қ. жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 23 м/с күтіледі.