"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша 30 қыркүйекте түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында 4 градус үсік күтіледі. Облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскемен қ. түнде 2-4 градус үсік күтіледі.