«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 28 қыркүйекте түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында 3 градус үсік күтіледі. Облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскемен қ. түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде 3 градус үсік күтіледі.