"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша 26 қыркүйекте түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Түнде облыстың таулы аудандарында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскемен қ. түнде және таңертең тұман күтіледі.