"Қазгидромет" РМК ШҚО филиалының ақпараты бойынша 23 қыркүйекте таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.