"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша 19 қыркүйекте түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.