«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 12 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Өскемен қ. жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.