«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 10 қыркүйекте түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-18 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.