«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты 31 тамызда түнде облыстың солтүстігінде, шығысында таулы аудандарында жаңбыр, кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Өскемен қ. күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.