«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 26 тамызда Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақытта қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Өскемен қ. жаңбыр, найзағай күтіледі.