«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 25 тамызда Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскемен қ. жаңбыр, кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.