«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 21 тамызда Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында, облыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, орталағында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскемен қ. жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.