«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 16 тамызда түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскемен қ. жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.