15 тамызда күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың бойынша жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскемен қ.: 15 тамызда күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі.