«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 14 тамызда күннің екінші жартысында облыстың оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскемен қ. түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі.