«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 13 тамызда күндіз облыстың батысында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.