"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша 03 тамызда облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскемен қ. таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.