«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 31 шілдеде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскемен қ. күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.