«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 29 шілдеде түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аймақтарда жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде, таулы аймақтарда кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аймақтарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскемен қ. жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.