«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 18 шілдеде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. 18-21 шілдеде күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. 18-21 шілдеде облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскемен қ. таңертең және күннің бірінші жартысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. 18-21 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.