«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 15 шілдеде күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Өскемен қ. күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
16-17 шілдеде облыстың оңтүстігінде күндіз 41 градус өте қатты ыстық күтіледі.