«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 12 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскемен қ. жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.