«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 11 шілдеде күндіз облыстың солтүстігінде өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. 12-16 шілдеде күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі. Өскемен қ. күннің екінші жартысында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.