«Қазгидромет» ШҚ филиалының мәліметіне сәйкес, 6 шілде күні түнде облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі.
Күндіз облыстың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында бұршақ жауып, дауылды жел соғуы мүмкін.
Түнде облыстың солтүстігінде тұман күтіледі.
Жел солтүстік-батыстан және солтүстіктен соғады. Облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде желдің жылдамдығы 15–20 м/с, екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді.
Облыстың батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Солтүстік-батысында және орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Өскемен қаласында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан және солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15–18 м/с болады. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.