«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 05 шілдеде түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскемен қ. күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.