«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты 04 шілдеде түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскемен қ. түнде жаңбыр, найзағай күтіледі.