«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 01 шілдеде түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың солтүстік-батысында, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі. Өскемен қ. күннің екінші жартысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.