«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 30 маусымда түнде облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскемен қ. жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады