«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты 23 маусымда облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде өткінші жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскемен қ. жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.