«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 20 маусымда күндіз облыстың шығысында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-36 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскемен қ. күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.