«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты 16 маусымда облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі. Өскемен қ. өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.