«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты 11 маусымда күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.Өскемен қ. күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.