«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты 09 маусымда облыстың шығысында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскемен қ. жоғары өрт қаупі сақталады.