«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты 04 маусымда күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. 02-06 маусым аралығында Шығыс Қазақстан облысында күндіз 30-35 градус қатты ыстық болады деп болжануда.