«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты 03 маусымда күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Өскемен қ. жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.
02-06 маусым аралығында Шығыс Қазақстан облысында күндіз 30-35 градус қатты ыстық болады деп болжануда.