«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 30 мамырда күндіз облыстың солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Өскемен қ. оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 15-18 м/с күтіледі.