«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты 29 мамырда түнде Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Өскемен қ. да жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.