«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 24 мамырда түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын - жаңбыр, қар күтіледі, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 1 градус үсік күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Өскемен қ. жаңбыр, күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.