«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 20 мамырда Шығыс Қазақстан облысында жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
22 мамырда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын - жаңбыр, қар күтіледі. Ауа температурасы түнде 1-6, облыстың оңтүстігінде 9 градус жылы, облыстың солтүстігінде 2 градус үсікке дейін, күндіз 10-15, облыстың оңтүстігінде 18, шығысында 7 градус жылыға дейін төмендейді.