«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 17 мамырда түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын - жаңбыр, қар, күндіз облыстың шығысында аздаған жауын-шашын - жаңбыр, қар күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.