«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 14 мамырда түнде облысында жауын-шашын - жаңбыр, қар күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын - жаңбыр, қар күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Өскемен қ. жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.