«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 10 мамырда түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр, кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Өскемен қ. жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады