«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 26 сәуірде күндіз Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с.
Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.